БҚО-да науқастар тегін дәрі-дәрмекті ала алмаған

  • 127
  • 01.04.2025, 18:41

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында бюджеттен бөлінген қаржының жеткіліксіздігінен 700-дей науқас тегін дәрі-дәрмекті ала алмаған. Олардың дені түрлі диагнозбен диспансерлік есепте тұрған жандар. Аудандық прокуратура тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне талдау жүргізуі барысында осындай олқылықты анықтаған. «Азаматтардың құқығы қорғалып, дәрі-дәрмекті алуға тапсырыс берілді», дейді мамандар.

Ернат Мақсотов, БҚО Прокурорының аға көмекшісі: 

-Бөлінген ақша жетпей қалған. Сол себепті 700-дей адам дәрі-дәрмекті уақытылы алмаған екен. Ал Прокуратураның қадағалау актісінен кейін аудандық аурухана денсаулық сақтау басқармасынан ақшалай қаражат сұратқан болатын. Қазір азаматтарға дәрі-дәрмек толықтай жеткізілді.