Жезқазғандағы жолдардың сапасы сын көтермейді. Көктемде еріген қар суынан автокөлік жолдары шұрық-тесікке айналған. Жол азабын тартқан жұрт жөндеу жұмыстарына бақылауды күшейтуді сұрайды. Себебі былтыр төселген асфальт көктем шыға қармен бірге еріп кеткендей.
Көктемде көлік жолдарының шұрық-тесікке айналуы - Жезқазғанда жылда қайталанатын жағдай. Шеткері аудандарды былай қойғанда, орталық көшелердің өзі ойдым-ойдым. Былтыр қаланың 51 көшесінде 40 шақырымға жуық жол жөнделді. Бірақ нәтижесі көңіл көншітпейді. Сапасыз құрылыс халықты сарсаңға салды.
Жолдасбек Серік, зертхана меңгерушісі:
-2024 жылы 170-ке жуық нысандарға жолға шығу іске асырылды. 300-ге таман жол құрылыс материалдары алынып, оның 70-ке жуығы нормативті құжаттарға сәйкес келмеді. Анықталған ақаулардың көбісі асфальтбетон жамылғысындағы жарықтар, сетка трещин деп аталады. Сигригация.
Нұрбол Садықов, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
-51 көшеде жасалды. Бірақ жұмыстардың толық аяқталғаны келісімшарт бойынша 1-ақ көше. Қалғандары бойынша келісімшарт бұзылды. Біріншіден жұмыс сапасыз орындалғандықтан ақша төленген жоқ, екіншіден сотқа талап арыз жолданды.
Сот әкімдіктің мердігер компаниялар үстінен түсірген шағымын қанағаттандырмады. Таяуда қайтадан апеляциялық шағым түсірген. Әзірге сапасыз жолға уақытша құм сеуіп жатыр. Күн жылына шұңқырларды бітеу жұмыстары басталады.
Сонымен қатар биыл тағы 14 көшеде 18 шақырым жол жаңартылады. Оған жергілікті қазынадан 4 млрд теңге қаржы бөлінді. Айта кетсек, Жезқазғандағы автокөлік жолының жалпы ұзындығы 200 шақырымнан асады. Бүгінде оның тек 60 пайызына асфальт төселген.
Елдос Кәкенов, Нұрбол Үздікбаев