Су тасқынына қатысты жағдай тұрақты және бақылауда.
Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті осылай деп есеп берді. Көктем басында жүзге жуық елді мекенді қарғын су басуы мүмкін деген болжам жасалған еді. Елді мекендер айналасына, өзен-көл жағалауларында 30 шақырым топырақ үйіндісі тұрғызылды. 14 су өткізгіш құбыр салынды. Нәтижесінде бірде-бір үйге су кірген жоқ. Ал су шайып кеткен 3-4 жол учаскесі қысқа уақыттың ішінде қалпына келтірілді.
Төтенше жағдайлар департаменті өзендерді бақылап, тәулік бойы мониторинг жүргізіп жатыр.
Өміржан Тұқышев, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
- Күнделікті космомониторингке сәйкес облыстың қар басқан аумағы 0%-і құрайды. Облыс бойынша барлық өзендер ашылды. Еріген ағындар өзен арналары арқылы өтеді. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жоғары Тобольск және Желқуар су қоймалары жинақтау режиіміне көшті. Секундына 3,1 текше метр санитарлық су бөлу жүріп жатыр.