Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тасқын салдарын жою үшін Ақмола облысына бара жатқан. Жолай Ақмешіт ауылы маңында аударылып қалған көлікті байқап, дереу көмек көрсеткен. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметін шақырған.
Мадияр Ажақов, ТЖД АҒА инженері:
-Осындай жол апаты орын алған жағдайда әрбір азамат мен ойлаймын өтіп кете бермейді. Біз сияқты қол ұшын созады деп ойлаймын. Біздің алғашқы міндет болғандықтан адамдарға көмек көрсету біз сақадай саймыз.