Қарағанды облысында мұздағы қауіпсіздікті сақтамағандарға айыппұл салынды

  • 242
  • 08.04.2025, 18:51

Қарағанды облысында мұздағы қауіпсіздікті сақтамаған 32 адамға айыппұл салынды. Әсіресе үлкен су айдындарына көлікпен шығып кететіндер азаймай тұр. Әдемі селфи жасау үшін мұздың жұқалығын ескермейтіндер көп. Жыл басынан бері ереже бұзған адамдардың әрқайсына 28 мың теңгеден айыппұл салынған. Оның 5-еуі Балқаш қаласының тұрғыны. Қазір Балқаш көлінде сең жүріп жатыр. Кептелген мұз бөліктерінің биіктігі 10 метрге дейін жеткен. Осы көріністі көреміз деп адамдар мұз үстіне шыққан. Сондықтан құтқарушылар көл жағалауында бақылауды күшейтті. 

Ерасыл Сайпаш, ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

-Балқаш көлінде бөлініп кеткен мұз қалдықтарынан адамдар секіріп, ойнап жүргенін көріп жатырмыз. Бұл бойынша төтенше жағдайлар департаментінің күшейтін ол жерлерде уақытша бекеттер орнатты.