Еліміздегі дәрі-дәрмектің 80%-ы шетелден әкелінеді. Тұралап қалған саланы ілгерілету үшін алға қойылған меже де ауқымды. Жауапты ведомство Ішкі өндіріс көлемін 20%-дан 50%-ға дейін жеткізу керек. Дәл осы себеппен Астанада шетелдік инвесторлар кеңесі бас қосты. Жиынға Польшаның ірі фарм компанияларынан келген делегация өкілдері де қатысты. Мамандар ішкі локализацияны арттыру, инвесторлар тарту, патенттік қорғау сынды бағыттарда бағалы кеңестерімен бөлісіп, өз тәжірибесін ортаға салды.
Бауыржан Жүсіпов, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы:
-Біздегі өндірістің көбі джинериктерге байланысты. Яғни дәрі-дәрмектің түпнұсқасы емес. Сол себептен түрнұсқа дәрі-дәрмектің қорғанысы болмағанша, оған біз джинерик шығара алмаймыз. Ол сұрақтар Польша мемлекетінде де бар. Сол өздеірнің тәжірибелерімен бізбен бөлісті. Ол пікірлер біздің мемлекеттік орган үшін керек. Біз арнайы анализ жасап, өз ұсыныстарымызды береміз. Тиісті өзгерістер енгіземіз деп ойлаймыз.