Жамбыл облысында студенттер «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарына алынды

  • 233
  • 08.04.2025, 18:36

Биыл Жамбыл облысында 2 мыңға жуық жас «Жасыл ел» еңбек жасағының қатарына алынды. Уақытша жұмыспен қамтылғандар - жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері. «Еріктілердің басты міндеті қала және ауылдарда тазалық жұмыстарын жүргізу. Осы арқылы Таза Қазақстан акциясына үлес қосу», - дейді ұйымдастырушылар. Жастарға 85 мың теңге жалақы мен әлеуметтік төлем төленеді. Еріктілер жұмысын бүгіннен бастап кетті. Олар Қарахан кесенесінің аумағын қоқыстан тазартып, жан-жағына тал екті.  

Айбек Қадірәлиев, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:

-Өздерінің келісімшарттары арқылы 4 сағаттық жұмыс. Яғни студенттердің оқуға деген белсенділіктерін бірінші қойып, оқуға кедергі келтірмей оқудан кейінгі бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында өткізіліп жатқан дүние.