Шымкентте ҚХА-ның 30 жылдығына орай 92 іс-шара өткізу жоспарланған

  • 334
  • 09.04.2025, 19:02

Биыл Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай 92 іс-шара өткізу жоспарланған. Этномәдени бірлестік өкілдерінің бастамасымен қайырылымдылық акция, мәдени-ағартушылық жобалар қолға алынады. Оған ассамблея жанындағы кеңес мүшелері де атсалысады. «Бірлік пен келісім – біздің мызғымас құндылығымыз»,дейді игі бастамаға оң бағасын берген қала тұрғындары.

Қазым Надиров, қала тұрғыны: 

- Бірлік бар жерде жұмыс алға жүреді, тірлік болады деп ойлаймын. Сол кезде біз үлкен жетістіктерге жетеміз . Соңғы жылдары бұл жұмыс өте қарқынды жүріп жатыр.

Сәкен Мәжінбеков, саясаттанушы:  

-Біздің елімізді үлкен қара шаңырақ десек болады. Қара шаңырақтағы келісім, бірлік ол жалғыз қазақтың емес, осы жерде тұрып жатқан барлық этнос өкілдері де менің елім деп қабылдауы. Бұл кеше өзекті болған, бүгін де өзекті, ертең де өзекті. Өйткені мемлекеттің біртұтастығы, алдына қойған тапсырмаларына, реформаларына жетуінің кепілі деп қарауға болады.