Ұлытау облысында жыл басынан бері игерілмей жатқан 96 мың гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 150 гектары - егістік, қалғаны - жайылымдық және шабындық жер. Жалға алушылар ол жерді жылдар бойы игермеген. Сондықтан сот арқылы мәжбүрлі түрде қайтарылды. Енді ол жерлер өзге шаруаларға беріледі. Өткен жылы 170 мың гектардан астам жер телімі мемлекет меншігіне өтті.
Нұржан Қарақожаев, Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы:
-Биылғы жылы ауыл шаруашылығы министрлігімен біздің облысқа 180 мың гектар қайтару мәселесін енгізді. Қазіргі таңда 30-дың үстінде шаруашылық субьектісі жер учаскесін пайдаланбай отыр деген хаттар келді. Бүгінгі күні біздің тараптан оларға хабарлама беру жұмыстары жүргізілуде.