Пойыз билеттерін сату ережелері өзгерді

  • 163
  • 14.04.2025, 18:35

22-сәуірден бастап елімізде пойыз билеттерін сатудың жаңа ережелері күшіне енеді.

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді. Енді шойын жол көлігі 1 сағаттан артық кешіксе, билет құны жолаушыларға толық қайтарылады. Бұдан былай жолаушылар пойыз билеттерін жөнелтуден 45 күн бұрын, бірақ кетуден 10 минуттан кешіктірмей сатып алуға болады. Мүгедектерге арналған шарттар да қайта қаралды. Мамандандырылған купелерге билеттер бірінші топтағы мүгедектерге, кәмелетке толмаған мүгедек балаларға және шұғыл медициналық жағдайдағы жолаушылар мен олардың көмекшілеріне тек касса арқылы сатылады. Басқа санаттағы мүгедектер билеттерін жолға шығуға жеті күн қалғанда сатып ала алады. Сондай-ақ қала маңындағы пойыздарға билет сатып алу ережелері де жаңартылып, кассалар, агенттіктер, терминалдар мен интернет арқылы жаңа талаптармен жүзеге асырылады.

Сондай-ақ I-топтағы мүгедектігі бар адамдар мамандандырылған купелерге арналған билеттерді сатылым ашылған бойда бірден ала алады.