Өңір диқандары алғашқы өнімін көршілес Ресей еліне экспорттап жатыр. Биыл аудан шаруалары 1160 гектар аумаққа ерте пісетін орамжапырақ дақылын еккен. Одан 50 мың тоннаға жуық өнім алу жоспарланып отыр.
Ералиев ауылдық округінің тұрғыны Нұрлыбек Жайынбаев ақпан айында өзіне тиесілі 1 гектар жерге «Магнус» сортын еккен. Қазір алқап басында жиын-терім жұмыстары қызу жүріп жатыр. Келесі аптада 2 гектар жерге еккен «Зарисма» орамжапырағынан да өнім алатынын айтады. Диқан өнімнің әр келісін 250 теңгеден саудалап жатыр.
Нұрлыбек Жайынбаев, диқан:
- Жылда тамшылатып суару әдісімен егемін. Биыл өзгешелік күн жылы болды. Содан жақсы шықты. Былтырлар қар жауып, сәл мұздақ алып, гүлдеген жылы болды. Биыл жаман емес, бұл кісілер 8 мыңнан күндікке істеп жатыр.
Руслан Мұсаев, кәсіпкер:
- Міне, Жетісайда ашық алқапқа келдік. Жақсы, таза, түйіні де әдемі. Ресейдің Пермь деген қаласына жіберіп жатырмыз. Әр өңірде алушыларымыз бар. Питерде бар, Мәскеуде бар. Самарада, Белоруссияға да жібереміз. Сарыағаштан да аламыз.