Ұлттық ұлан Жеңіс шеруіне қызу дайындалып жатыр

  • 956
  • 15.04.2025, 18:44

Жеңіс күніне арналған шеруге дайындық қызу.

Ұлттық ұлан жауынгерлерінің формалары сапалы матадан тігіліп, әскери талаптарға сай пішіледі. Бұл жолғы ерекшелігі – киім үлгілерінде ұлттық нақыштағы элементтер болады.

Айта кетейік, Жеңіс күніне арналған шеруге Ұлттық ұланнан 400-ден астам әскери қатысады. Оның ішінде патрульдік-бекеттік қызметтің әскери қызметшілерінен және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің жауынгерлерінен тұратын екі есептік топ сап түзеп өтеді. Ал Қазақстанның Күштік құрылымдарының құрама оркестрі Жеңіс шеруін музыкамен сүйемелдейді.