Астанадағы әскери-тарихи мұражайында майданда қаза тапқан қазақстандық сарбаздың жеке заттары мен медальоны туыстарына салтанатты түрде табысталды. Түкен Меңдішевке тиесілі сіріңке қорабы, қауіпті ұстара, түймелер, жұлдызша, белдіктер Ленинградтан арнайы әкелінген. Ал соңғы 6 жылда 4 мыңнан астам қазақстандық сарбаздың жерленген жері анықталып, жеке заттары елге қайтарылыпты.
Айта кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық сарбаздар саны 271 мыңнан асады.
Марат Нағұманов, «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары отставкадағы генерал-майор:
- Ленинградский фронтында 1-2 жыл бұрын тағы бір майдангер атамыздың сүйегін Орал қаласына әкелгенбіз. Дөзбаев Қали деген ағамыздың сүйектері. Мен осы Қазақстанда құрылған 314-атқыштар Петропавл дивизиясы, Ақмолада құрылған 310-дивизиялар сол жақта соғыста болған деп ойлаймын.