Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, елордада 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әуе кеңістігін пайдалануға қысқамерзімді шектеулер енгізіледі.
Көлік министрлігі жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы жағдайларды ескеруін сұрайды. Сондай-ақ әуе компания мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейсте өзгеріс бар-жоғын алдын ала тексерген жөн.