Қазақстан аумағындағы мемлекеттік орман қорының 5 млн 600 мың гектары өртті ерте анықтау жүйесімен қамтылады. Осының нәтижесінде «Ертіс орманы» резерватының аумағында оттың тұтануы біршама төмендеген.
Қазір елімізде осы жүйемен қамтылған мемлекеттік орман қоры аумағы 1,3 млн гектарды құрайды. Сондай-ақ орман шаруашылықтары мен орман өртін сөндіру станцияларының штаттары құрылып, орман өртін сөндіруші мамандарға тиісті оқу курстары ұйымдастырылды. Бұдан бөлек өртке қарсы техника мен жабдықтар да жөнделді,- дейді Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері.
Ерлан Төрегелдиев, ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы:
- Биылғы жылы «Семей орманы» резерватында ерте анықтау жүйесі орнатылады. Одан бөлек, биыл бұл жүйе 23 орман шаруашылығында орнатылады. Жыл соңына қарай жүйемен 5,6 млн гектар мемлекеттік орман қоры қамтылатын болады.