Қазақстанда эндаумент қорлар туралы заң жобасы әзірленді. Құжат Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды. Жалпы эндаумент қорының қайырымдылықтан ерекшілігі – қорға түскен ақша бір мекеменің мүддесі үшін бірден жұмсалмайды. Қаржы ұйымдары немесе банктер бұл қаражатпен жұмыс істейді. Таза пайдасы ғана қайырымдылыққа қайтарылады.
Нысаналы капитал қорлары туралы заңда білім беру, ғылым және инновациялық қызмет, бұқаралық спорт, дәрілік қамту мен медициналық қызмет көрсету сияқты қаржыландыру бағыттары нақты айқындалған. Эндаумент қордың активтері құрамына ақшалай қаражат, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік және зияткерлік меншік кіре алады. Оған мүлікті шектеусіз мерзімге кем дегенде 10 жылға дейін беруге болады. Берілген мүліктің құны сақталады.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- Қазірдің өзінде бірнеше жетекші мықты мемлекеттік зерттеуші университеттер өздерінің қорлары бар. Түлектер ассоциациялары бар. Соларды бірден-бір жүйеге келтіруге осы заң жобасы көмектеседі. Әл-Фараби университеті, Еуразия ұлттық университеті, Сәтпаев университеті. Екіншіден, өңірлік университеттер қиын жағдайда. Қаржылық тұрақтылық әлі төмен деңгейде.