Сенатта мүгедектігі бар азаматтардың мәселесі талқыланды

  • 125
  • 16.04.2025, 18:42

Өкінішке қарай мүгедектігі бар адамдарға сапалы медициналық қызмет алу әлі де толық қолжетімді емес.

Сенатта өткен Инклюзия жөніндегі кеңес отырысында осы мәселе көтерілді. Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева мүгедектігі бар адамдар сапалы медициналық көмекке қол жеткізуде түрлі кедергілерге тап болатынын айтты. Бұл тек негізгі ауруды емдеумен шектелмей, профилактика, диагностика және ақпаратқа қолжетімділікті де қамтиды.

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтың айтуынша, мүгедектігі бар адамдардың, әсіресе балалар қатары артып келеді.