Атырауда масаға қарсы улау жұмыстары басталды

  • 139
  • 17.04.2025, 18:41

Ауа райының күрт жылынуы қансорғыштардың шамадан тыс көбеюіне әсер етеді. Сондықтан Атырауда масаға қарсы улау жұмыстары басталды.

Қазір көпқабатты 1 мың 200-ден астам үйдің жертөлелері мен кіреберістерін дезинфекциялау жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 244 млн теңге бөлінген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. 

Елтай Айбатов, қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:

- Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін және кіреберістерін улау жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ сәуір айының орталарына қарай ашық су алаңдары мен жасыл желектерді масаға қарсы улау жұмыстары жүргізілу жоспарлануда