Қазақстан Ауғанстанға 36 гуманитарлық көмек вагонын жіберді. Президент тапсырмасымен жолданған көмек Балх провинциясындағы Хайратон станциясында ауған тарапына табысталды. Жалпы көлемі 2,2 мың тонна жүк теміржолмен жеткізілді. Онда азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар бар. Ал дәрілік заттары бар гуманитарлық көмектің бір бөлігі ұшақпен жіберіледі. Қазақстанның Ауғанстандағы уақытша сенімді өкілі Ғазиз Ақбасовтың айтуынша Қазақстан екі ел арасындағы достық, сауда-экономикалық байланысты дамытуды дәйекті түрде қолдайды. 21-сәуірде Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған делегация Кабулға барады.