Қазақстанның жастары есірткінің жаңа түрін қолданып жүр — депутат

  • 96
  • 18.04.2025, 18:41

Қазақстанның жастары есірткінің жаңа түрін мейрамханаларда, барларда және түнгі клубтарда емін-еркін қолданып жүр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев мәселе көтерді. Айтуынша, елімізде азот тотығы – медициналық процедураларда қолданылатын күшті заттардың тізімінде бар. Мәселен, оны ұзақ уақыт бойы қолдану B12 дәруменінің тапшылығын тудырып, жүйке жүйесінің бұзылуына, аяқ-қолдың жансыздануына, сондай-ақ қозғалыс қабілетінің төмендеуіне алып келеді. 2 жыл бұрын Ұлыбритания азот тотығын есірткі заттары қатарына қосып, заңсыз сатқандарға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын бекітті. Ал солтүстіктегі көршіміз Ресей 2021 жылы бұл заттың заңсыз айналымына тосқауыл қойды.

Темір Қырықбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Азот тотығының заңсыз айналымы үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікті белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу жөнінде ұстаным ұсынуды, екінші осы таралуы мен қолданылуын, сондай-ақ оны еркін сатудың шектеулерін бақылауды күшейтуді.