Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай бір жарым миллион адамды қамтитын 150-ден аса іс-шара жоспарланып отыр. Аталмыш ұйым 130-дан астам этнос өкілін бірлік пен татулыққа ұйыстырып, ел тұрақтылығын нығайтуға үлес қосып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, бұл – ел саясатының бұлжымас бағдарының бірі,- деп атап өткен болатын.
Қай кезеңде де қазақ халқына керегі – достық пен бірлік, - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Мәжіліс депутаты. Айтуынша, ел ішіндегі түрлі мәселелер Ассамблея аясындағы жобалар арқылы шешімін тауып келеді.
Наталья Деменьтева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Уақытпенен Ассамблеяның құрылымы да өзгерді. Оның әртүрлі бағыттары да пайда бола бастады. Әсіресе, қазіргі кезде ең белсендісі оның аналар кеңесі, ақсақалдар кеңесі бар. Әсіресе, жастардың тәрбиеленуіне назар салып жатырған, үлесін қосатын барлық өңірлердегі ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі жақсы жұмыс істейді.
Иә, еліміздің түкпір-түкпірінде 1 мың 700-ден аса аналар кеңесі жұмыс істейді. 12 мыңға жуық әйел осы бірлестіктерге топтасып, ел мүддесі үшін маңызды істер ат салысып келеді. Ал аға бауын өкілдері ақсақалдар кеңесінің құрамында, 7 жарым мыңдай мүшесі бар. 158 мың қыз-жігіт «Ассамблея жастары» жобасын іске асыруға белсенді қатысып жүр. ((видео)) Былтыр мемлекет басшысының тапсырмасымен «Салауатты сана» атты жаңа қоғамдық жоба іске қосылды. Бұдан бөлек, Парламентте ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуды көздейтін «Бір ел – бір мүдде» атты жаңа депутаттық бірлестік құрылды. Бұл топқа 10 сенат және 20 мәжіліс депутаты мүше.
Алишер Сатвалдиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бұл жерде біз депутат ретінде бірінші болып, Ассамблеяның мүшелерімен келісеміз. Солардың қандай мәселелерді айтатынын тыңдаймыз, оны заң түрінде, өзгерістер ретінде ұсынымдар береміз. Соның арқасында ұсынымдардың бір қатары заңдар немесе қаулылар жүзінде жүзеге асып жатқанын көріп отырмыз. Бұл Ассамблеяның заң шығаруға етене араласып отырғанын көреміз.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын 4 бағытта қайырымдылық акцияларын өткізеді. Былтыр мұқтаж жандарға 1,3 миллиард теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Авторлар: Диана Қадыр, Таир Мерекенов.