Елордада 20 үздік жұмысшы әйел марапатталды

  • 84
  • 18.04.2025, 19:26

Елордада 20 үздік жұмысшы әйел марапатталды. Іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырған байқауда аспаз, тазалықшы, мұғалім, күтуші, кітап өңдеуші және күзетші мамандықтары бойынша үздіктер іріктеліпті. Жеңімпаздардың суреті 10 күн бойы қаладағы LED экрандарда көрсетіледі. Мұндай байқаулар жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде өткізіледі. Ұйымдастырушылар негізгі мақсат жұмысшы әйелдердің қоғамдағы беделін арттыру деп отыр.