Ардагер-ғалымдардың жеке құжаттары көрмеге ұсынылды

  • 81
  • 18.04.2025, 19:33

Адамзат тарихындағы ең ірі қасірет екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл - 80 жыл. Соғыс жылдары бір миллион екі жүз мыңға жуық қазақстандық майданға аттанды. Олардың қатарында Шәкен Мәжитов, Халида Маманова, Бахия Атшабаров, Сәкен Нұғманов, Саим Балмұханов сынды ғалымдар да болды. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві ардагер-ғалымдардың жеке құжаттарын көрмеге ұсынды. Мұндағы мақсат - өскелең ұрпаққа бейбіт өмірдің құндылығын ұқтыру. Мәселен, Қазақстандағы алғашқы криминолог-ғалым Шәкен Мәжитовтың медальдарына берілген куәліктерінің фотосуреттері көрмеге қойылған. Елімізде онкология ғылымының негізін қалаған Сәкен Нұғмановтың орден кітапшасының фотокөшірмесі де көрсетілді. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Халида Маманованың Сталинге жазған хаты да бар. 

Баян Жұматаева, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің басшысы:

- Халида Маманова, Екінші дүниежүзілік соғыстың кезінде Сталинге хат жазып, 0302 біздің ата-бабамыздың атынан осындай ярлыкты алып тастаңдар «байское происхождение» деген сонда жеңіспен келуге ант беремін, болмаса мені штрафной батальонға беріңіз деген, жіберіңіздер деген. Сонымен Қазақстаннан кеткен штрафной батальонда жалғыз әйел адам Халида Есенқұловна Маманова. Ол кісі медицина ғылымының докторы. Ол кісінің қорын бізге баласы өткізген.