Әділет министрлігі борышкерлердің жасырын табысын анықтауға кіріседі. Такси, жеткізу қызметі, криптовалюта және бәс тігу арқылы алынған кірістер енді бақылауға алынады.
Министр Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, алимент өндірудегі басты қиындық — борышкерлердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауы немесе оларды әдейі жасыруы. Осыған байланысты ведомство жаңа нормаларды енгізбек.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ел азаматтарының алимент бойынша берешегі 18 млрд теңгеге жеткен.
Ерлан Сәрсембаев, ҚР Әділет министрі:
- Агрегатор-сайттар яндекс, индрайвер және т.б арқылы жұмыс істейтін борышкердің жасырын табысын анықтайтын боламыз. Қазіргі уақытта борышкерлердің өзге де кіріс көздерін анықтау және олардан берешектерді өндіріп алу мүмкіндіктеріне талдау жасалып жатыр.