Максим Рожин: Ассамблея – көпұлтты ел үшін заңды құрылым

  • 28
  • 21.04.2025, 18:33

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осы күнге дейін Ассамблея елдегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтауда маңызды рөл атқарып келеді. Ал бейбітшіліксіз, экономикалық өсім де, жарқын болашақ та мүмкін емес. 

Ассамблея бүгінде тек мәдени бағытта ғана емес, этносаралық қатынастарды зерттейтін ғылыми алаңдар арқылы да жұмысын жалғастырып отыр. Тарихи болмысымызға сай, көпұлтты ел үшін мұндай ұйымның болуы — заңдылық,-дейді депутат Максим Рожин.

Максим Рожин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Әлемдегі кейбір саясаткерлер Қазақстанның болашағы, көпұлтты болғандықтан, бұлыңғыр деген де жорамал айтқан болатын. Уақыт өткеннен кейін Ассамблея сияқты ұйымдар біздің халықтың татулыққа, сөзге тоқтаған халық ретінде этностар арасындағы татулыққа ерекше рөл арнаған ел ретінде өзін көрсетті. Сондықтан Ассамблея осы жұмысты алдағы уақытта да атқарады деген ойдамын.