Жеке сот орындаушыларының үстінен түсетін шағым көбейді

  • 55
  • 21.04.2025, 18:37

Былтырдың өзінде қазақстандықтар 90 мыңға жуық арыз қалдырыпты. Бұл — 2023 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Өтініш берушілер негізінен ашықтықтың жоғына, мүліктің сатылуына және алимент бойынша міндеттемелердің орындалмауына шағымданады. 

Депутаттар: «Мәселені шешу үшін атқарушылық іс туралы заңнаманы өрескел бұзған сот орындаушыларын қылмыстық жауапкершілікке тарту керек», - дейді.

Санжар Әділов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Қылмыстық жауапкершілікке келетін болсақ, осы мәселені ведомствоаралық жұмыс тобында тағы да талқылау керек деп ойлаймыз. Бірақ әр қылмыстың залалы болу керек. Келтірген зияны, залалы болса, заңды міндетті түрде өзгертіп, түзетулерді қарастыру керек. Біз сол жұмысқа дайынбыз.