Алматы тау кластерін дамыту нәтижесінде маусымдық 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің «Пи-Джи-Ай менеджмент» компаниясының президенті Джоан Виладоматпен кездесуі барысында талқыланды. Тараптар тау шаңғысы туризмін дамытудағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізіп, Алматыдағы кластерді бірлесіп өркендету шешімін қабылдады. Осылайша 2029-шы жылға қарай 7,5 миллион туристі қабылдау көзделді. Кездесуде инклюзияға да мән берілді. Инфрақұрылымды жаңғырту – балалардың қысқы спорт түрлерін меңгеруге және білім беру бағдарламаларын дамытуға мүмкіндік беретіні аталды.
Олжас Бектенов өз кезегінде туризм саласының өңдеу өнеркәсібі, цифрландыру, көлік және логистика салалармен қатар экономикалық өсудің жаңа бағытына айналуы тиіс екенін тілге тиек етті.