Ақтөбедегі «Батыс-3» шағынауданын жылан жайлаған. Бұрын бұл жер жан-жануар мен жәндік мекендеген иен дала еді. Биологтар: «құрылыс басталар алдында барлық жәндік атаулыны шаһардан алшақ жерге көшіру қажет еді», - ейді.
Улы сұр жыландар көпқабатты үйлердің ауласында емін-еркін жорғалап жүр. Зәресі кеткен тұрғындар ойын балаларын сыртқа жалғыз жіберуге қорқады.
Баян Әжіғалиева, қала тұрғыны:
- Жылда осындай уақытта ауламызға жылан кіреді. Жолда да жылан болады. Арасында басып та кетеміз. Кішкентай балалар ұстап алғысы келеді жыланды. Қорқамыз енді. Өткен жылдарға қарағанда көп болып тұр.
Әбдімұрат Әбдікәрімов, қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті Биология кафедрасының аға оқытушысы:
- Бұл кәдімгі сұр жылан, «обыкновенная гадюка» деп аталады. Улы жыландардың тобына жатады. Шаққан жағдайда қан айналымы жүйесіне әсер етеді. Адамда лихорадка болады. Әсіресе жүрек ауруы, аллергиясы бар адамдарға қауіпті.