Елордада Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

  • 182
  • 23.04.2025, 18:42

Елордада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Парламент депутаттары, Ассамблея Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары және қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысты. 

Жиында Ассамблея жұмысының қорытындылары мен алдағы міндеттері талқыланды. Атап айтқанда, ақсақалдар мен аналар кеңестері, қайырымдылық пен этномедиация институты және «Ассамблея жастары» ұйымының жұмысын жандандыру мәселелері көтерілді.

Айта кетейік, елде 21 «Жомарт жан» орталығы жұмыс істейді. Онда 342 адамнан құралған меценат, ерікті мен қайырымдылық жасаушылар халыққа түрлі бағытта қолдау көрсетіп келеді. 

Әлішер Сатыбалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ассамблеяның атқарған жұмысының нәтижесін бүгінгі таңда Қазақстанның егемендігінен, халқымыздың бірлігінен ешқандай алауыздықтың жоқтығынан көруге болады. Өкінішке қарай басқа елдерде оның барлығын көріп отырмыз. 

Ғали Дінмұхаммед, Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры:

- Зерттеулерім бойынша Солтүстік Қазақстанға барған кезде тәжіктердің этномәдени ұйымдары күнделікті тамақтарын дайындап беріп отырған. Мың тоннадан аса түрлі ұлт өкілдері көмек жіберіп отырды. Соның ішінде жасырын түрде жасағандарын көріп отырмыз. Дүнган этнос өкілдері бейресми өздері жіберіп отырғанын көреміз.