Ұлттық кітап күніне орай елдің жас кітапханашылары Алматыда бос қосты.
«Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» мамандары өңірлерден келген әріптестерімен кездесіп, тәжірибелерімен бөлісті. Заманауи әдістер мен инновациялық технологияларды енгізу жайын талқылады. Қорларды цифрландыру және қалпына келтіру жұмыстарымен танысты.
«Алматы кітапханалары» қолжетімділік мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Олар көру қабілеті нашар адамдарға арналған арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар қала бойынша тәулік бойы кітап алып, қайтаруға мүмкіндік беретін автономды автоматтар орнатылған.
Толқын Құрамысова, А. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхананың жетекшісі:
- Өңірдегі әріптестерімізге осы жүйемен жұмыс істеуді ұсынып отырмыз. Бұл кітапханашының жұмысын жеңілдету үшін жасалған, оқырман өзі келіп, өзі пайдалана алады. Осыған байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.