Алматыда соғыс ардагерлеріне арналған «Жеңімпаздар балы» өтті

  • 48
  • 23.04.2025, 18:44

Алматыда соғыс ардагерлерінің құрметіне «Жеңімпаздар балы» өтті. Бұл іс-шара жыл сайын 9-шы мамыр қарсаңында ұйымдастырылады. Оған майдангерлермен қатар тыл еңбеккерлері де келді.

Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік бағдарламаны алматылық студенттер әзірлеген. Дәстүрлі балға Қарулы Күштер мен Шекара қызметінің офицерлері, қоғам өкілдері қатысты.

Алматылық оқушылар мен студенттер арасында Жеңістің 80 жылдығына орай шығармашылық байқау ұйымдастырылған еді. Үздік шығарма, портрет авторы мен бейнебаян түсірген жастар да марапатталды.

Тамара Максимова, соғыс ардагері:

- Бір ұмытылмас күн болды. Барлықтарыңызды Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймын! Осындай тамаша кешті ұйымдастырған азаматтарға алғысым шексіз.