Енді жұмыстағы харассмент үшін жаза қарастырылады

  • 71
  • 24.04.2025, 18:33

Егер Сізге әріптесіңіз тиісіп, қыр көрсеткен болса, үнсіз қалмаңыз! Қазақстанда енді жұмыстағы харассмент үшін жаза қарастырылады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жариялады. Құжатта әріптес тарапынан зорлық-зомбылық, қудалау және жыныстық қатынасқа итермелеу мәселелері қарастырылған. Әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, жұмысшылардың 30%-ға жуығына жұмыс орнында әріптестері тиіскен. Ал қолданыстағы құжатта мұндай жағдайда шағымдану мен қорғанудың нақты тетігі жоқ.