Қызылорда облысынан 860 жігіт Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.
Биыл әскерге шақырту тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізілген. Мысалы, әскери қызмет мерзімін шегергісі келетіндер өтінішті цифрлық жүйе арқылы бере алады. Бұл тізімде студенттер, мұғалімдер мен ауыл дәрігерлері, ғалымдар және бала тәрбиелеп отырған әкелер бар. Бұдан бөлек, әскерге аттанған ер-азаматтың несие төлеу мерзімі бір жылға кейін шегеріліп, жоғары оқу орнына түсуге жеңілдік беріледі.
Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны жалғасып жатыр. Бұл жолы Отан алдындағы борышын өтеуге 20 мың жігіт аттанады.
Алмат Жақыпов, облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:
- 860-қа жуық азаматқа тапсырыс түсті. Оның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметіне 12 тапсырыс түсіп, оны абыроймен 125 адам беріп, яғни 104 процентке орындап отырмыз. ҚР Қарулы Күштері қатарына 430 азаматқа тапсырыс түсіп тұр. 430-дың бүгінгі таңға дейін 170 жіберіп отырмыз.