Алматы жастары Орталық зираттағы мемориалды тазалады

  • 43
  • 24.04.2025, 18:42

Алматылық жастар Орталық зираттағы соғыс ардагерлерінің құрметіне қойылған мемориалды тазалады.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, фашизмді жеңуге үлес қосқан ардагерлердің көбі осында жерленген. Мереке қарсаңында белсенділер ескерткішке апаратын жолды, оның маңайын ретке келтірді.

«Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және экологиялық сананы ояту, - дейді ұйымдастырушылар. 1 жыл бұрын Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жобасы қазір үлкен қозғалысқа айналды.

Әкежан Кеңесов, Жетісу аудандық комьюнити орталығының жетекшісі:

- Қазір көріп отырғандарыңыздай, 60-70-ке жуық жастар бүгінгі шараға қатысып жатыр. Негізі бұндай шаралар тұрақты түрде өтеді. Өздеріңіз көргендей енді біршама таза. Өйткені әр апта сайын, әр ай сайын жұмыстарға тек жастар ғана емес, аудан тұрғындарын, қала тұрғындарында жұмылдырамыз.