Ақтөбе облысының медициналық мекемелер құрылысына ₸1,4 млрд бөлінді

  • 102
  • 25.04.2025, 18:44

Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына арнаулы мемлекеттік қордан 1,4 млрд теңге бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жүзеге асырылуда. Бөлінген қаражат есебінен 11 нысан, оның ішінде фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар салынады. 

Қуаныш Нұрсәт, Жарық ауылының тұрғыны:  

- Ауылға келгелі көптеген өзгерістер болып жатыр. Балаларға арналған ойын алаңы салынып жатыр. Ауылымызда көптен күткен жаңалық, көгілдір отын газ кіріп, ауыл тұрғындары өте қуанышты. Медпункт салынғалы жатыр.