Елордада Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусы ашылды

  • 24
  • 25.04.2025, 18:49

Елордада Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусы ашылды. Бұл заманауи емхана Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту стратегиясы аясында іске қосылды. Жаңа орталық – сәулелік, радионуклидтік және протондық терапияны ұсынатын Орталық Азиядағы бірегей мекеме. Сонымен қатар радиофармацевтикалық препараттарды өндіретін циклотрондық-өндірістік кешен жұмысын бастады. Жоспар бойынша 11 түрлі дәрі-дәрмек шығарылып, оның жетеуі Қазақстанда алғаш рет синтезделмек. Енді орталық күн сайын қатерлі ісікке шалдыққан 500-дей науқасты қабылдай алады. Ашылу рәсіміне 29 елдің жетекші онколог ғалымдары қатысып, обыр дертін анықтау мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады. 

Әділбек Мұқажанов, ҰҒОО басқарма төрағасының орынбасары:  

-ПЭТ/МРТ – ол тек Қазақстанда бірінші рет қойылып жатқан құрылғы. ПЭТ/МРТ-нің ерекшелігі – мынау мидың обырлары кезінде жұмсақ тіндердің обырлары кезінде, жатыр қуысының обырлары кезінде диагностиканы жақсартады. Сондықтан қазір науқастарға радиоспектрлік диагностиканың бүкіл спектрын көрсете аламыз деп айта аламыз.