Жамбыл облысында 10 су қоймасы салынады

  • 24
  • 25.04.2025, 18:44

Жамбыл облысында 2030 жылға дейін 10 су қоймасы салынып, 3 су жинақтаушы нысан қайта жаңғыртылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісі аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысында айтылды. Жалпы былтыр аймақтағы су ресурсын дамыту үшін банктен 146 миллиард теңге несие алынған еді. Бүгінде 80 жоба жүзеге асырылып жатыр. Қалғұты, Ақмола, Ырғайты су қоймаларының құрылысы басталды. Ал Теріс-Ащыбұлақ және Қарақоңыз қоймалары жаңғыртылады. Нәтижесінде 80 мың гектардан астам суармалы жер қалпына келтіріледі.  

Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы:

-Үкіметке басқа ұйымдарға берген ұсыныстарымыздың өңірлерде қалай жүзеге асып отырғанын біршіден қарап, бақылап және де қажет болса Үкіметке тиісті ұсыныстар дайындау мақсатымен келіп отырмыз. Біздер ертең аудандарға шығамыз су обьекітлерін қараймыз. Ветеринария обьектілерін көреміз.