Өртке әлі де бейжай қарап келеміз. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, 2024-25 жылдардағы жылыту маусымында 4 мыңнан астам өрт тіркелген. 416 адам құтқарылды, 187 адам қайтыс болды. 162 адамды күйік шалып, уланған. Өрт көбіне жеке тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарда болған. «Негізі үйлерге иісті газ датчигін орнатқан тиімді»,– дейді мамандар. Ал орманды алқаптағы отты ертерек анықтауға дрондар көмектеседі. Қазірден елде 38 орман және 4 дала өрті тіркелгенін айта кеткен жөн.
Елдос Зияда, ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы:
-Министрлік шынымен де ұшқышсыз аппараттар дейміз ғой, дрондар пайдаланады. Қазіргі таңда министрлікте 160-тан астам дрон бар. Ол дрондардың негізгі мақсаттарының бірі - ол өрттерді ерте анықтау және де авиашолу дейміз ғой, қарап, мониторинг жасау үшін қолданылады.