Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге дайындық аяқталуға жақын.
Индустриалды қалашықта өтіп жатқан іс-шараны Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бақылап, бөлімшелер мен техникалық экипаждардың дайындығын тексерді. Сондай-ақ жүргізушілердің шеберлігі мен қажетті іс-әрекеттерді орындай білуін бағалады.
Әскери шеру Отан қорғаушы күні «Қазақ елі» монументінің жанындағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Оған төрт мыңнан астам әскери, 200-ден аса қару-жарақ пен техника тартылған. Шерудің әуе бөлігіне майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының 66 ұшу аппараты қатысады. Ал басты жаттығулар 3-і және 5-і мамыр күндері өткізілмек.