ШҚО-да қытайлық компанияға 1 млрд ₸ көлемінде айыппұл салынды

  • 33
  • 28.04.2025, 18:43

Шығыс Қазақстан облысында «Омбы-Майқапшағай» жолын салып жатқан «Синь-синь» компаниясына 1 миллиард 66 миллион теңге айыппұл салынды. Мекеме экология заңнамасын өрескел бұзған.

Табиғатты қорғау саласындағы құзырлы органдардың арнайы рұқсатын алмастан, асфальт бетонды құрылғы және ұсақтағыш кешенмен жұмыс істеп келген. Алайда мердігер тағылған айыппен келіспеген. Дегенмен жоспардан тыс тексеріс кезінде кінәсі анықталып, сот шешімімен айыппұл салынды. 

Азамат Тәуірбеков, облыстық Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы: 

- Аталған уәжді экология департаментінің мамандары толықтай теріске шығарды және де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жүргізген толық талдамасын дұрыс деп танып, сот органдары экология департаменті мамандарының әректін заңды деп таныды.