Қостанайда бүгін күні бойына қатты жел соғып, бұрқасын болды. Желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен. Ағаштар құлап, үйлердің сыртқы қаптамасын жұлып әкеткен. Бірқатар шағын ауданның электр желісі үзілген. Әлеуметтік желіде Қостанай-Федоров тас жолының бойында қатты дауыл ауыр жүк көлігін аударып тастағандығы жайлы бейнежазба тарады. Қазір қолайсыз ауа райының зардабын жою жұмыстары жүріп жатыр.