Алматыда жұмысшы мамандығын игерген әйелдер марапатталды. EŃBEGІ JANǴAN ARÝLAR іс-шарасында жұмысшы мамандықтарын меңгерген әйелдер еңбегі көпке үлгі етілді. Іскер әйелдер қауымдастығы коммуналдық қызмет, көлік, жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерге құрмет көрсетті. Атап айтқанда, аспаз, сатушы, тазалықшы, тігінші, сауыншы, электр дәнекерлеуші сияқты түрлі мамандық иелеріне алғыс білдірді. Білім беру мен медицина саласының қызметкерлері де елеусіз қалмады. Сонымен қатар елімізде шағын және орта бизнеспен айналысатын әйелдердің үлесі 52% жеткенін де айта кеткен жөн.
Татьяна Сағындықова, іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі:
-Әйелдер әрқашан өз ісіне мұқият, жауапкершілікпен қарайды. Ал жұмысшы мамандығында жеңілі жоқ. Егер жұмыс беруші көтермелеп отырса, жақсы көңіл күймен құлшынып істейтіні белгілі. Біз сәл де болса осы салада жүрген әйелдерді бір ортаға жинап, сый-сияпат жасап, олрдың еңбегі құрметке лайық екенін айтқымыз келді.