Жаңа технология қарыштап дамыған кезеңде жаңа мамандықтар көптеп пайда болып жатыр. Сондықтан маман даярлау ісін заман талабына сай жаңарту міндеті қойылды. Осы ретте жұмысшы мамандықтарының болашағы қандай? Бүгін бизнес пен білім беру және жұмыс қамту ұйымдары осы мәселені талқыға салды. Республикалық форумда техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы өзекті мәселелер қозғалды. Еңбек нарығының сұранысына сай білікті маман даярлау жолдары талқыланды. Колледж студенттері TEDx форматында стартап жобаларын таныстырды. Сондай-ақ оқу орындары мен әлеуметтік серіктестер арасында бірнеше меморандумға қол қойылды.
Есет Байкен, қала әкімінің орынбасары:
-Биылғы жылы жұмысшы жаңа мамандар атласы жобасы аясында мектеп оқушылары және колледждердің оқушыларының арасында еңбек нарығының сұранысы және де жаңа мамандықтардың, жаңа кәсіптердің бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.