Ұлттық қордың ақшасы қайда жұмсалып жатыр?

  • 31
  • 29.04.2025, 18:40

Былтыр Ұлттық қордан 5,5 триллион теңгеден астам қаржы алынған. Бұл туралы Сенатта қор қаражатын басқару тиімділігін талқылау барысында айтылды. «Қазір Ұлттық қор қоржынының үштен екі бөлігі мұнайдан түскен салықпен ғана толығып отыр. Ал қара алтын өндірісіндегі бәсеңдіктен қорды толықтыру қиынға соғуы мүмкін», дейді депутаттар. Сонымен қатар инвестициялық табыстың жартысы қазір балалардың шотына түседі. Мысалы, 6 миллион балаға шамамен 1,5 миллиард доллар аударылды. Жоғары аудиторлық палата қаражат мемлекеттік маңызы жоқ шығындарға жұмсалып отырғанын жеткізді. Яғни, қор қаражатының тиімділігі бақыланбайды. Сондықтан Ұлттық қор қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын бақылау маңызды болып отыр. Одан алынатын трансферттер экономикалық қайтарым әкелуі тиіс. 

Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Ұлттық қордан кепілдендірілген және мақсатты трансферттар кеткен кезде олар сапалы игерілмейтін болса, олар міндетті түрде ұлттық қорға қайтарылу керек. 2014 жылдан бастап Ұлттық қордан бөлінген қаражаттар ең бірінші ағымдағы негіздерге жаратылған болатын. Бұл мәселеге қатаң бақылау қойылды. Бұған арнайы Үкімет тарапынан концепция белгіленген болатын.  

Юлия Энгель, ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі:

-Нәтиже бермейтін шығындарға жұмсалды. Сондықтан қор қаражатын пайдалану саясаты қайта қаралып отыр. Біз өз ұсынысымызды бердік. Себебі қазына қаржысына тұрақтылық қажет.