30 сәуір – Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа ту тіккен күн

  • 21
  • 30.04.2025, 18:52

Осыдан тура 80 жыл бұрын қарша жауған оқтан қорғанып, жау ғимаратына Григорий Булатов екеуі 7 сағат бойы еңбектеп жеткен еді. Бірақ бұл ерлікті Кеңес Одағы мойындамай, шындық бұрмаланып келді. Тарих беттерінде басқа адамдардың есімі жазылды. Ал ердің ерлігі тек тәуелсіздік алған соң ғана еленді. 2007 жылдың 7 мамырында Ресейдің әскери тарих институты, Рейхстагқа ту тіккен 150-ші атқыштар дивизиясының лейтенанты Рақымжан Қошқарбаев екенін мойындады. Тарихи шындықты дәлелдейтін құжатты тарих ғылымдарының кандидаты Болат Асанов Алматыдағы Орталық музейге табыстады.