Алматыда соғыс ардагерлеріне арналған фотоальбом жарыққа шықты

  • 356
  • 30.04.2025, 18:55

Алматыда «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігінің құжатты дәлелдері» атты фотоальбом жарыққа шықты. Зерттеушілер екі жыл ішінде отандық және ресейлік архивтерді ақтарып, көпшілік біле бермейтін ардагерлердің құжаттарын жинақтаған. Жаңа фотоальбом үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде «Данқ» орденінің толық иегерлерінің суреттері мен олардың соғыстан кейінгі өмірінен сыр шертетін материалдар берілген. Зерттеушілердің айтуынша, соғыс жылдары «Даңқ» ордені Кеңес елдері бойынша 2671 адамға берілген. Соның 139-ы қазақстандық екен. Ал «Саптағы әйелдер» бөлімінде ерліктері аз айтылған қазақстандық әйел-ардагерлердің фотоқұжаттары бар. Сонымен қатар «еңбек майданындағы» азаматтардың жауды жеңуге қосқан үлесін бейнелейтін фотосуреттен енген. Әзірге 300 данамен басылған кітап маусым айында Ресейде де таныстырылмақ.

Қанат Шоманов, соғыс ардагерлеріне арналған фотоальбом авторы:

-Қазақстандағы барлық өңірлерден архив мекемелерінен құжаттар сұраныс жасап алдық біздің тақырыптарымызға сай және Ресей Федерациясының кино, фотоқұжаттар архиві бар. Сол архивтен де құжаттар алынды. Нәтижесінде 135 адамның суретін тауып, фотопортреттерін біз фотоальбомға енгіздік. Өкінішке қарай 4 адамның фотосы біздің фотоальбомымызға кірмей қалды.