Қарағандыда «Ер есімі - ел есінде» атты көрме ашылды

  • 24
  • 30.04.2025, 19:05

 Қарағандыдағы бейнелеу өнері мұржайында Жеңістің 80 жылдығына орай «Ер есімі - ел есінде» атты көрме ашылды. Мұнда осы өңірден екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлердің суреттері мен өмірбаяны, естеліктері қойылған. Бұдан бөлек, көпшілік назарына отандық суретшілердің картиналары мен мүсіншілердің туындылары ұсынылған. Қазір Қарағанды облысында 8 ардагер тұрады. 

Гүлжан Заитова, бейнелеу өнері мұражайының бөлім басшысы:

-Ардагерлер ұйымынан осы кісілердің мекенжайын алып, әр ардагердің үйіне барып фото суретке түсіріп, жасалынған жоба. Сонымен қатар мына фотожобамыздың астына қарасаңыздар, тірі кезіндегі ардагерлеріміздің өз қолынан алынған жазбалары немесе туыстарының қолынан алынған жазбалары бар.