Қарағанды облысында Qaisar әскери-патриоттық ойындары өтті

  • 138
  • 02.05.2025, 18:41

Қарағанды облысында Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «AMANAT» партиясы Qaisar әскери-патриоттық ойындарын ұйымдастырды. Іс-шараға «Жас сарбаз» ұйымы, «Әлияшылар» қозғалысының қыздары мен әскери кафедра өкілдері қатысты. Жалпы 300-ден астам адам жиналды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сайыс жастарға ерлік, патриотизм мен тәртіпті үйрететін мектепке айналған. Соңғы үш жылда ойындарға 5 мыңға жуық адам қатысқан. 

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Qaisar әскери-патриоттық ойындарын тұрақты түрде өткізуді Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев ерекше тапсырған болатын. Билығы байқау халқымыз үшін маңызды тарихи мерекелердің қарсаңында өткізіліп отыр. Мұның да символдық мәні зор деп мен санаймын.