Елордалық зейнеткерлер шипажай жолдамасы үшін кезекке шағымданды

  • 51
  • 02.05.2025, 18:49

Астанада зейнеткерлерге арналған жазғы тегін шипажай жолдамаларына өтініш қабылдау басталды. Бүгіннің өзінде 300-ден астам өтініш түскен. Алайда зейнеткерлердің бірқатары Birge Astana.kz порталына кіре алмай, қала әкімдігінің азаматтарды қолдау орталығына жиналған. Кейбірі тегін жолдама алу үшін түн ортасынан бастап кезекке тұрғандарын айтады.

Жауапты мамандардың айтуынша, зейнеткерлердің даурығуына себептің тағы бірі шипажайға жазда барғысы келетіндер көп. Бұған қоса өтініштер шектеулі мерзімде ғана қабылданады,- деп жаңсақ түсінгендер де бар. Ұзын сонар кезекке тұрғандардың біразы қаладағы барлық зейнеткерлердің өтініштері тек бір орталықта қабылдау дұрыс еместігін айтып шағымданды. Жауапты мамандар болса, елордалық зейнеткерлер үшін жаз айларына 1500-ге жуық жолдама қарастырылған, - дейді. Ал күз айларына арналған өтінімдер кейінірек қабылданады. 

Бақзура Каймудин, қала тұрғыны:

- Мынадай бардакты мен көрген жоқпын. Бұрын осындай жазда шипажайларға осындай болды да, кейін екі жыл тәртіп болды. Онлайн алдын ала жазылу болды. Енді міне, онлайн деп бүкіл Астананы мында жинап, мынау не сұмдық? Аяғым ауырады. Әзер тұрмын. 

Мейрам Байгенжин, Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтына қолдау орталығы директорының орынбасары:

- Қазір Қатаркөлде 1 шипажай науқастарды қабылдауда. Егер белгілі бір санатории бітсе, басқа шипажай бар, сонда бара алады. Егер жазда баруға мүмкіндік болмай жатса, келесі кезеңдерге үлгереді. Яғни қыркүйек, қазан, қарашада шипажайларға орын алуға болады.