Енді Маңғыстау облысында Сайөтес пен Бейнеу ауылдарын жалғайтын жол дрон арқылы бақыланады. Республикалық маңыздағы трассаның дәл осы учаскесінде жол апаты жиілеп кеткен. Полицияның дерегінше, өткен айда 9 жолаушы қаза тауып, тағы бір адам жарақат алып ауруханаға түскен. Профилактикалық іс-шара кезінде қарсы жолға шыққан 6 жүргізуші дронның көмегімен анықталып, оларға айыппұл салынды. Енді осы әдіспен үй жануарын қараусыз қалдырғандарға әкімшілік шара қолданылады.
Тілекберген Селбаев, облыстық ПД ЖПҚ басқарма бастығының орынбасары:
-Арнайы ұйымдастырылған «Жолда қабылдау» пункттерінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Басты назар қозғалыс жылдамдылығын сақтау, түнгі мезгілде алыс сапарға шықпау. Авариялық ахуал тудыратын маневрлар жасамау сияқты факторларға аударылды. Өйткені дәл осы ережелерді елемеу салдарынан осы учаскеде жол-көлік оқиғалары орын алуда.